#Инспекция труда по области Ұлытау

Шетелдік қызметкерді қалай рәсімдеу керек: жұмыс берушіге арналған 3 негізгі қадам
Шетелдік қызметкерді қалай рәсімдеу керек: жұмыс берушіге арналған 3 негізгі қадам

Шетелдік азаматтарды жұмысқа қабылдау кезінде заң талаптарын қатаң сақтау қажет. Белгіленген ережелерді бұзу әкімшілік жауапкершілік пен айыппұлдарға әкелуі мүмкін. Тәуекелдерді болдырмау үшін жұмыс берушілер келесі үш негізгі кезеңді ескеруі тиіс.

1️⃣ Құжаттарды тексеру

Шетелдік азаматты жұмысқа қабылдамас бұрын оның қолданыстағы жұмыс істеуге рұқсатының, сондай-ақ еңбек қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін визасының немесе тиісті мәртебесінің бар екеніне көз жеткізу қажет.

2️⃣ Еңбек шартын жасасу

Еңбек шарты міндетті түрде жазбаша түрде рәсімделуі тиіс. Құжатта негізгі талаптар көрсетіледі: қызмет атауы, жалақы мөлшері, жұмыс уақыты режимі және өзге де маңызды еңбек шарттары.

3️⃣ ЕСЕБТТ-ға тіркеу

Еңбек шартын қол қойғаннан кейін жұмыс беруші оны Enbek.kz (Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі – ЕСЕБТТ) жүйесінде дереу тіркеуге міндетті.

⚠️ Маңызды: еңбек шартын ЕСЕБТТ жүйесінде тіркемеу заң бұзушылық болып табылады және әкімшілік айыппұл салуға әкеледі.

Белгіленген рәсімдерді сақтау құқықтық тәуекелдерді азайтып, еңбек қатынастарының ашықтығын қамтамасыз етеді және компанияның іскерлік беделін сақтауға көмектеседі.

Новости
Дата публикации: 21.04.2026
Қазақстан Республикасында еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғалардан қызметкерлерді міндетті сақтандыру туралы
Қазақстан Республикасында еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғалардан қызметкерлерді міндетті сақтандыру туралы

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әрбір жұмыс беруші өз қызметкерлерін еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде болатын жазатайым оқиғалардан міндетті түрде сақтандыруды қамтамасыз етуге міндетті.

Аталған сақтандыру түрі «Қызметкерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі және қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянға байланысты мүліктік мүдделерін қорғауға бағытталған.

Міндетті сақтандыруға жататын тұлғалар

Міндетті сақтандыруға жұмыс берушімен еңбек қатынасында тұрған барлық қызметкерлер жатады. Ұйымның меншік нысаны мен қызмет түріне қарамастан сақтандыру міндетті болып табылады.

Жұмыс берушінің міндеттері

Жұмыс беруші:

сақтандыру ұйымымен міндетті сақтандыру шартын жасасуға;

сақтандыру сыйлықақыларын уақтылы төлеуді қамтамасыз етуге;

қызметкерлерді сақтандырудың бар екендігі туралы хабардар етуге;

жазатайым оқиға орын алған жағдайда дереу шаралар қабылдап, белгіленген тәртіппен тергеу жүргізуге міндетті.

Сақтандыру жағдайлары

Сақтандыру жағдайларына мыналар жатады:

еңбек міндеттерін орындау кезінде алынған жарақаттар;

кәсіптік аурулар;

еңбекке қабілеттіліктен айырылу;

қызметкердің қайтыс болуы.

Сақтандыру төлемдері

Сақтандыру жағдайы орын алған кезде келесі төлемдер қарастырылған:

еңбекке қабілеттіліктен айырылған жағдайда төлемдер;

денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу;

қызметкер қайтыс болған жағдайда өтемақы төлемдері;

емделу және оңалту шығындарын өтеу.

Заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік

Міндетті сақтандыру шартын жасаспаған жағдайда бұл Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу болып табылады және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 230-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.

Новости
Дата публикации: 21.04.2026
Қазақстан Республикасында еңбек шарттарын жасасу және оларды есепке алу талаптарын сақтау туралы
Қазақстан Республикасында еңбек шарттарын жасасу және оларды есепке алу талаптарын сақтау туралы

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес әрбір жұмыс беруші қызметкермен еңбек міндеттерін орындауға кіріспес бұрын еңбек шартын жазбаша түрде жасасуға міндетті. Бұл құжат тараптардың құқықтары мен міндеттерін, еңбек жағдайларын, еңбекақы төлеу тәртібін, сондай-ақ кепілдіктер мен өтемақыларды айқындайды.

Еңбек қатынастарының ашықтығын арттыру және заңнаманың сақталуын бақылауды күшейту мақсатында барлық еңбек шарттары Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне (ЕСЕБЖ / ЕСУТД) міндетті түрде енгізілуі тиіс.

Заңнаманың негізгі талаптары:

Еңбек шарты қызметкер жұмысқа кіріспес бұрын жасалуы тиіс;

Шартқа енгізілген барлық өзгерістер мен толықтырулар ЕСУТД жүйесінде уақтылы көрсетілуі тиіс;

Жүйедегі деректердің өзектілігі мен дұрыстығын қамтамасыз ету жұмыс берушінің міндеті болып табылады.

Белгіленген талаптарды сақтамау, оның ішінде ЕСУТД жүйесіне деректерді уақтылы енгізбеу немесе жаңартпау әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 98-бабына сәйкес, 30-дан 150 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін айыппұл қарастырылған.

Жұмыс берушілерге ұсыныстар:

Бекітілген үлгідегі еңбек шарттарын пайдалану;

Жұмыс жағдайы, лауазым, жалақы және өзге де елеулі шарттар өзгерген жағдайда оларды уақтылы енгізу;

Жүйеге енгізілген ақпараттың дұрыстығын тұрақты түрде тексеріп, қателерді жедел түзету.

Осы талаптарды сақтау еңбек қатынастарының ашық әрі заңды қалыптасуына, қызметкерлердің құқықтарын қорғауға және жұмыс берушілер үшін әкімшілік тәуекелдерді азайтуға ықпал етеді.

Новости
Дата публикации: 21.04.2026
Enbek.kz жүйесінде еңбек шарттарын міндетті тіркеу туралы
Enbek.kz жүйесінде еңбек шарттарын міндетті тіркеу туралы

Қазақстан Республикасында барлық жұмыс берушілер қызметкерлермен еңбек шарттарын рәсімдеуге және олар туралы мәліметтерді Enbek.kz ақпараттық жүйесіне енгізуге міндетті. Бұл талап барлық қызметкерлерге, соның ішінде шетелдік азаматтар мен еңбек мигранттарына да қолданылады.

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес, еңбек қатынастары қызметкерді жұмысқа нақты жіберген сәттен бастап туындайды. Бұл ретте еңбек шартын жасасу міндетті, ал жұмыс беруші оны заңнамада белгіленген тәртіппен рәсімдеуге тиіс.

Enbek.kz жүйесінде еңбек шартын тіркеу еңбек қатынастарының ашықтығын қамтамасыз етеді, қызметкерлердің құқықтарын қорғайды және еңбек саласындағы мемлекеттік бақылауды күшейтеді.

Еңбек шарты туралы мәліметтердің Enbek.kz жүйесіне енгізілмеуі еңбек заңнамасының бұзылуы болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.

Жұмыс берушілерді еңбек шарттарын уақтылы рәсімдеуге және заң талаптарын сақтауға шақырамыз.

Новости
Дата публикации: 21.04.2026
Жұмыс берушілерге ЕШЕБЖ-ға мәліметтерді енгізу мерзімдерін сақтау маңызды!
Жұмыс берушілерге ЕШЕБЖ-ға мәліметтерді енгізу мерзімдерін сақтау маңызды!

ҚР Еңбек кодексінің (бұдан әрі - ЕК) 23-бабы 2-тармағы 27)-тармақшасына сәйкес жұмыс беруші еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен жұмыскермен еңбек шартын жасасу және тоқтату, ҚР ЕК 28-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) және 13) тармақшаларында көзделген мәліметтер, сондай-ақ 99-бабында көзделген демалыстарды беру туралы мәліметтер қамтылған, оған енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне (бұдан әрі – ЕШЕБЖ) енгізуге міндетті.

ЕШЕБЖ-ға мәліметтерді енгізу тәртібі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 3 қыркүйектегі № 353 бұйрығымен бекітілген «Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде еңбек шарты туралы мәліметтерді ұсыну және алу қағидаларымен» (бұдан әрі - Қағидалар) регламенттеледі.

Қағидалардың 3-тармағына сәйкес жұмыс беруші жұмыскермен еңбек шартын жасасу және тоқтату, оған енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты (ЕК 28-тарм. 1-тармақшасында белгіленген 13 тармақтың 6 тармағын) ЕШЕБЖ-ға енгізеді, ол келесі мәліметтерді қамтиды:

1) тараптардың деректемелері: жұмыс берушінің ЖСН– жеке тұлғаның немесе жұмыс беруші – заңды тұлғаның БСН; жұмыскердің ЖСН;

2) белгілі бір мамандық, кәсіп, біліктілік немесе лауазым бойынша жұмысы (еңбек функциясы);

3) жұмыстың орындалатын орны;

4) еңбек шартының мерзімі;

5) жұмыстың басталу күні;

6) жасалу күні мен реттік нөмірі.

Сонымен қатар, жұмыс беруші ЕШЕБЖ-ға келесі қосымша мәліметтерді жібереді:

1) жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі;

2) жұмыскердің жүктілікке және бала (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалысқа және бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалысқа шығуы туралы қосымша мәліметтерді жібереді (ЕК 99-бабы).

Жұмыс берушілерге ЕШЕБЖ-ға мәліметтерді енгізу мерзімдерін сақтау маңызды!

ЕШЕБЖ-ға мәліметтерді енгізудің келесі мерзімдері белгілген:

жаңанадан жасалған еңбек шарттары бойынша мәліметтерді жұмыс беруші екі жақ еңбек шартын жасаған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде (Қағидалардың 7-тармағы);

мерзімі өтпеген еңбек шарттары бойынша:

адам саны 2000-ға дейінгі ұйымдар үшін - бір жыл ішінде;

адам саны 2000 асатын ұйымдар үшін- екі жыл ішінде;

екі тарап еңбек шартына өзгерістер мен толықтыруларға қол қойғаннан кейін - күнтізбелік 15 күн ішінде (Қағидалардың 8-тармағы);

қателер анықталған кезде және қате енгізген жағдайда мәліметтерді жою - бастапқы мәліметтерді енгізген күннен бастап 30 жұмыс күні ішінде (Қағидалардың 9-тармағы);

жұмыскер жұмысқа қайта қабылданған жағдайда жұмыс беруші ол жұмысқа қайта қабылданған күннен бастап - 10 жұмыс күні ішінде күнін, нөмірін және қайта қабылдау туралы шешім шығарған органды көрсету (Қағидалардың 10-тармағы);

еңбек шартын бұзу - еңбек шарты бұзылған күннен бастап күнтізбелік 3 күннен кешіктірмей (Қағидалардың 12-тармағы);

ЕК 30-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген еңбек шартының қолданылу мерзімі ұзартылған кезде - 15 жұмыс күні ішінде (Қағидалардың 13-1 тармағы).

Қағидалардың 9 және 10-тармақтарында көрсетілген мәліметтерді жұмыс беруші не оның атынан жұмыс берушінің актісімен аталған міндет жүктелген кадр қызметінің басшысы электрондық цифрлық қолтаңбасымен растауға тиіс.

Көрсетілген талаптарды орындамау әкімшілік жауаптылыққа әкеледі.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің (бұдан әрі -ӘҚБтК) 98-бабы 1-1-тармағына сәйкес жұмыс берушінің қызметкермен еңбек шартын жасасу және тоқтату, оған енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпараттарды ЕШЕБЖ-ға енгізу тәртібі келесі түрлерде жасалғанда бұзушылығы үшін – лауазымды тұлғаларға 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді:

1) ЕШЕБЖ-ға ақпаратты белгіленген мерзімдерде енгізбеу немесе уақтылы енгізбеу;

2) ЕШЕБЖ-ға ақпаратты толық көлемде енгізбеу;

3) ЕШЕБЖ-ға анық емес және (немесе) дұрыс емес ақпарат енгізу.

Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет - лауазымды тұлғаларға 60 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді (ӘҚБтК 98-бабы 2-1-тармағы).

Новости
Дата публикации: 17.04.2026
ЖҰМЫСКЕРДІ МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУ
ЖҰМЫСКЕРДІ МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУ

ЖҰМЫСКЕРДІ МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУ

Бұл әлеуметтік қорғаудың маңызды тетігі болып табылады. Ол өндірістік жарақат немесе кәсіптік ауру орын алған жағдайда қызметкердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянның өтемақысын қамтамасыз етеді.

ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАЛАРДАН МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУ ШАРТЫН ЖАСАСУ
МЫНАЛАРҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ:

• сақтандыру жағдайы туындаған кезде қызметкерлердің қаржылық тұрғыда қорғалуын қамтамасыз етуге;
• өтемақы төлемдеріне байланысты жұмыс берушінін тәуекелдерін азайтуға;
• кәспорынның әлеуметтік жауапкершілігн растауға;
• қызметкерлер мен мүдделі органдар тарапынан сенімді арттыруға мүмкіндік береді.

САҚТАНДЫРУ ШАРТЫНЫҢ БОЛМАУЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК

ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің, 230- бабына сәйкес, міндетті сақтандыру шартын жасамау:

• жеке тұлғаларға - 10 АЕК;
• лауазымды адамдарға, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялык емес ұйымдарга - 160 АЕК;
• орта кәсіпкерлік субъектілеріне - 400 АЕК;
• ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - 1000 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

БІЛУ МАҢЫЗДЫ:

Жазатайым оқиға орын алған жағдайда, егер жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарып жүрген кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыру шарты қолданыста болса, сақтандыру төлемдерін зардап шеккен қызметкерге (немесе оның асырауындағы адамдарға) жұмыс беруші емес, сақтандыру ұйымы жүзеге асырады.

Бұл кәсіпорынға түсетін қаржылық жүктемені азайтады және жұмыс беруші үшін экономикалық тұрғыдан тиімді болып табылады.

Новости
Дата публикации: 16.04.2026
📢 ШЕТЕЛДІК ЖҰМЫСКЕРЛЕРМЕН ЕҢБЕК ШАРТЫН ЖАСАСУ ТӘРТІБІ?
📢 ШЕТЕЛДІК ЖҰМЫСКЕРЛЕРМЕН ЕҢБЕК ШАРТЫН ЖАСАСУ ТӘРТІБІ?
Жұмыс беруші үшін 3 негізгі қадам:
 
1️⃣ Құжаттарды тексеру: жұмысқа қабылданар алдында жұмысқа рұқсаттың және тиісті визаның бар екеніне көз жеткізіңіз.
2️⃣ Еңбек шарты: жазбаша түрде қатаң түрде рәсімдеңіз. Лауазымды, жалақы мөлшерін және жұмыс кестесін көрсетіңіз.
3️⃣ ЕШЕАБЖ-не тіркелу: Enbek.kz (ЕШЕАБЖ) жүйесінде қол қойығаннан кейін бірден келісімшартты тіркеуді ұмытпаңыз.
 
⚠️ Маңызды: Шартты тіркеудің болмауы-бұл әкімшілік айыппұлдарға әкеп соқтыратын заңды бұзу. Заңды және компанияның беделін сақтаңыз!
Новости
Дата публикации: 16.04.2026
Ұлытау облысындағы өндірістегі жазатайым оқиға туралы
Ұлытау облысындағы өндірістегі жазатайым оқиға туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаменті 2026 жылғы 8 наурыз күні сағат 04:30 шамасында «Жәйрем марганец» АҚ-ның «Үшқатын-3» кен орнында мердігер ұйым – «ASC Stroy» ЖШС жұмыскерінің қатысуымен жазатайым оқиға болғанын хабарлайды

Алдын ала мәліметтер бойынша, бұрғылау жұмыстарын жүргізу кезінде тау жынысының бір бөлігі үзіліп құлап, нәтижесінде жұмыскер ауыр өндірістік жарақат алған

Қазіргі уақытта Департамент тарапынан жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссия құрылып, оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда.

Тергеп-тексеру қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданатын болады.

Новости
Дата публикации: 13.03.2026
Басшының 8 наурыз мерекесімен құттықтауы
Басшының 8 наурыз мерекесімен құттықтауы

Құрметті ханымдар!

Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын.

Қазақстан Президентінің Жолдауларында көрсетілгендей, әйелдер қоғам дамуына, отбасы құндылықтарын нығайтуға және болашақ ұрпақты тәрбиелеуге маңызды рөл атқарады. Мемлекет әйелдерді қолдауға, олардың кәсіби дамуына және қоғамдық өмірге белсенді қатысуына ерекше мән береді.

Сіздердің кәсібилігіңіз, жауапкершілігіңіз және адалдығыңыз азаматтардың еңбек құқықтарын қорғауға және мемлекеттік қызметтің дамуына елеулі үлес қосып отыр.

Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақыт, көктемгі көтеріңкі көңіл-күй, қызметтеріңізде табыс және жаңа жетістіктер тілеймін.

 

Құрметпен,

Ұлытау облысы бойынша

Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаменті

басшысының міндетін атқарушы

Ғ. Жақып

Новости
Дата публикации: 06.03.2026
ҚР ЕХӘҚМ кеңейтілген Алқа отырысында әлеуметтік-еңбек саласындағы 2025 жылғы жұмыс қорытындылары мен 2026 жылға арналған міндеттер туралы айтылды
ҚР ЕХӘҚМ кеңейтілген Алқа отырысында әлеуметтік-еңбек саласындағы 2025 жылғы жұмыс қорытындылары мен 2026 жылға арналған міндеттер туралы айтылды

ҚР ЕХӘҚМ кеңейтілген Алқа отырысында әлеуметтік-еңбек саласындағы 2025 жылғы жұмыс қорытындылары мен 2026 жылға арналған міндеттер туралы айтылды 

Астанада ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген Алқа отырысы өтті. Қатысушылар 2025 жылғы мемлекеттік саясатты іске асыру қорытындыларын шығарып, әлеуметтік-еңбек саласын дамытудың 2026 жылға арналған негізгі векторларын айқындады. Басты назарда – сапалы жұмыс орындарын құру, адами капиталды дамыту және мемлекеттің әлеуметтік кепілдіктерін орындау.

Коллегия ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен өтті. Жиынға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев, Парламент депутаттары, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне бағынысты ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ әлеуметтік серіктестер қатысты.

Отырысты ашқан ведомство басшысы Асқарбек Ертаев бүгінгі таңда Министрлік жұмысының бас стратегиялық басымдығы халықты өнімді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және азаматтардың экономикалық белсенділігін ынталандыру болып табылатынын атап өтті.

«Біз күш-жігерімізді нақты жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету, тұрақты жұмыс ондарын құру және азаматтардың экономикалық белсенділігін арттыру бағытына жұмсауымыз қажет. Өткен жылдан бастап жұмысқа орналасу мониторингі тек міндетті зейнетақы жарналары туралы деректер негізінде жүзеге асырылуда. Бұл бізге формалды есепке алуды толығымен жоя отырып, нақты жұмыспен қамтылуды объективті бағалауға көшуге мүмкіндік берді», – деп атап өтті Асқарбек Ертаев.

Бұл бағыттағы жұмыс Еңбек нарығын дамыту тұжырымдамасы аясында жүргізілуде. Құжаттың негізгі макроиндикаторы – 2029 жылға қарай сапалы жұмыс орындарының санын 3,8 миллионға жеткізу. 2025 жылдың қорытындысы бойынша экономикада осындай 2,9 млн жұмыс орнының жұмыс істеуі қамтамасыз етілді. 2026 жылы өңірлік карталар шеңберінде 547,7 мың адамды жұмысқа орналастыру жоспарлануда. Ағымдағы жылдың маңызды қадамы ізденушілерге дербес бағдарды (маршруттарды) проактивті түрде таңдауға мүмкіндік беретін «ЖИ негізіндегі Цифрлық жұмыспен қамту қызметін» толық ауқымды іске қосу болмақ.

Жұмыспен қамту мәселелерімен қатар, мемлекет азаматтар алдындағы барлық әлеуметтік міндеттемелерін уақтылы және толық көлемде орындайды.

«2025 жылы әлеуметтік төлемдерге 5,9 трлн теңге бағытталды, бұл республикалық бюджеттің барлық шығыстарының 23%-ын құрайды. Жыл сайынғы индекстеу аясында біздің 4,6 млн азаматымыз үшін зейнетақылар мен жәрдемақыларды арттыру қамтамасыз етілді, бұл олардың сатып алу қабілетін сенімді қорғауға мүмкіндік берді», – деді Министр.

2025 жылы ынтымақты зейнетақылар 8,5%-ға өсті, ал базалық зейнетақы 6,5%-ға индекстелді. 2026 жылы төлемдердің жоспарлы өсу саясаты жалғасады: базалық зейнетақының ең жоғары мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 118%-ына дейін ұлғайтылды, зейнетақылар мен жәрдемақыларды жыл сайынғы индекстеу 10%-ды құрады, ал Министрліктің жоспарланған шығыстарының жалпы көлемі 6,9 трлн теңгеге дейін өсті.

Отырыс барысында ведомство жұмысының басқа да негізгі бағыттары бойынша жаңа тәсілдер белгіленді. Көші-қон саясаты саласында жоғары білікті шетелдік мамандарды тартуға басымдық бере отырып, цифрлық скоринг жүйесі енгізілуде. Инклюзия саласында сырттай мүгедектікті белгілеу процестерін толық цифрландыра отырып, әлеуметтік-құқық қорғау моделіне көшу жүзеге асырылуда.

Өздерінің салалық бағыттары бойынша егжей-тегжейлі баяндамалармен: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай, «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ президенті Ерасыл Жұманбаев, Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің төрағасы Мейрамбек Ахметов және «МӘСҚ» АҚ президенті Алмас Құрманов сөз сөйледі.

Түстен кейін Алқа жұмысы аумақтық департаменттер, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, сондай-ақ «МӘСҚ» АҚ филиалдары басшыларының қатысуымен бейінді панельдік сессиялар форматында жалғасты. Қатысушылар Инклюзивті саясат тұжырымдамасын іс жүзінде іске асыру, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелерін талқылады. Сессиялар барысында сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл шараларына, сондай-ақ әлеуметтік алаяқтық пен жергілікті жерлерде төлемдерді негізсіз алу фактілерін анықтау және олардың қатаң жолын кесу бойынша жүйелі жұмысқа ерекше назар аударылды.

Новости
Дата публикации: 27.02.2026
  • 1
  • 2